Көкшетау қаласы мектептерінің кітапханаларында «Буккроссинг» акциясына арналған іс-шаралар өткізілді. Акция идеясына ағылшын кітапқұмарларының белгілі «bookcrossing» қозғалысы болды себеп болды.
Аталмыш қозғалыстың мақсаты – ұнатқан кітапты оқып шығып, оны басқа адамға оқуға кеңес беру болып табылады. Осы орайда заңды сұрақ туындайды: егер де досыңа өзіңнің сүйікті кітабыңды оқуға жай бере алсаң, одан неге айырылуға тиіссің? Бұл үшін мектеп кітапханашылары буккроссингтің өзіндік тұжырымдамасын әзірледі. Буккроссинг қозғалысы аясындағы іс-шаралар –«Кітапты өзің оқы да, басқаға бер», «Өмір-кітап беттерінде» атты 9-11 сынып оқушыларымен оқырмандар конференциясы, «Ал!, Оқы!, Парақта!» тақырыбымен 2-4 сынып оқушыларымен әңгімелер, кітаптарға шолу, оқу сағаттары.
Акцияға қатысушылар ай бойы қазақ және орыс тілдерінде 300-ден астам кітаппен алмасты. Сөрелерден жазушы-классиктердің , балалар жазушыларының кітаптарын ғана емес, сонымен қатар анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктерді де табуға болады.
«Буккроссинг» акциясына қатысу арқылы , мектеп кітапханашыларына оқырмандармен жұмыс үшін жаңа мүмкіндіктер туды. Кітапханашы да, мұғалім де емес, оқырмандардың өздері не оқитынын таңдайды. Осылайша оқырмандар жаңа достар тауып, жаңа кітаптармен танысып, кітап оқуға деген қызығушылықтары артуда.