"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласында буктрейлер арқылы кітаптар өз оқырмандарын табады

19.02.2018

17.02.2018г Достық Үйінде Көкшетау қ. білім бөлімі «Рухани жаңғыру» - «Үздік буктрейлер» бірегей жобасын іске қосты. Ұйымдастырушылардың пікірі бойынша акция кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқырмандарды «кітаптар әлеміне» қайтарады.

Диалог алаңында тілшілер, режиссура мен актерлік шеберлік өнерінің оқытушылары, жазушылар, әртістер, шығармашыл тұлғалар сөз сөйледі. Олардың әрқайсысы қазіргі заманғы тәрбиеде  кітап оқудың рөлі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар осы іс-шараға 120-дан астам қала мектептерінің оқушылары қатысты.

«Бүгінгі күні үйімізде әдебиет азайып бара жатқанына қарамастан, сөрелерімізде әрқашан да кітаптар болады. Өйткені біздің қиялымызға дем беру, эмоциялар, сезімдер беру қажет, ал  дайын бейнесурет немесе аудио жазба бұл

қажеттілікті  толықтыра алмайды, сондықтан  біз  бәрібір кітаптарға қайта оралатын боламыз», - деді өз сөзінде «Акмолинская правда» облыстық газетінің редакторы Бахыт Мухамедрахимова-Тасова.

Диалог алаңы барысында Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» және Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда», Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» сынды шығармалар буктрейлерінің тұсаукесері өтті. Буктрейлер Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілерімен жасалды.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының кітапхана жұмысы жөніндегі орынбасары Галина Савенкова: «Буктрейлер жасау үшін мәселенің техникалық жағынан ғана емес, сонымен қатар театралдық қойылымның режиссура негіздерін, әртістік шеберлік негіздерін де меңгеру қажет»,- деп атап көрсетті

Диалог алаңы концерттік бағдарлама және естелік суретке түсумен аяқталды.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст