Текст
«Жазғы демалысқа - жақсы кітаппен» - мектеп жанындағы лагерьлердің қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Психологтардың пікірінше, бастауыш мектеп жасындағы балалардың сапалы әдебиетке деген қызығушылығын оятуға бұл жақсы мүмкіндік. Дұрыс таңдалған кітаптар жас оқырмандардың бойында мейірімділік, жанашырлық, әділеттілік сезімі сияқты адами қасиеттерді дамытады. Оқушылардың дербестігін, бастамашылығы мен белсенділігін дамыта отырып, интеллектті арттырады, сөздік қорын толықтырып, ой-өрісін кеңейтеді.