Текст
13 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайында салтанатты жағдайда қала мектептерінің 19 түлегін «Алтын белгі» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл құрметке негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес жылдық және қорытынды бағалары «5» болған білім алушылар ие болды. Құрметті марапатты түлектерге ізгі ниет- тілек арнаумен Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов табыс етті.
Түлектерге жарқын болашақ, жетістіктер мен барлық жоспарларының орындалуына сәттілік тілейміз!