1 маусымда «Экологиялық стартап» байқауының финалистері қала кәсіпкерлерімен кездесуде үздік 11 жобаны ұсынды. Іс-шараға қала әкімі Бауыржан Сейтқалиұлы Ғайса қатысты. Балалар тәлімгерлерімен бірге пайда әкеліп қана қоймай, қаланың көптеген экологиялық мәселелерін шешуге көмектесетін стартаптар дайындады. Соншама жас болса да, мектеп оқушыларының идеялары мен іс-әрекеттерінің деңгейі жоғары дәрежеде екенін көрсетті:
1. Робот - тазалаушы (өзен бетінен қоқыс жинау), жоба авторы У. Кабжанов, жетекшісі С. Н. Куанышев (№1 МГ)
2. Инновациялық су тазартқышы СБТІТА (су бетін тазарту және ішкі тазарту аппараты, жоба авторлары Н.Ласточкин, Н.Магаз, жетекшісі С.Т. Токсанбаева (№1 МГ)
3. «Water Alert» - су тасқынының алдын алу мақсатында су деңгейін анықтау құрылғыларының әзірлемесі, жоба авторлары Талғат М. Шураев А., Закарин М., жетекшісі Малгаждарова Р.С. (әл-Фараби атындағы IT –лицей).
4. «Water Clean Up» - суды биологиялық тазарту, авторы А.Альмерденова, жетекшісі Балтабай К.Н.(№13МГ)
5. «ECO –Watch Akmola» - қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуын тіркеу, жолдар мен тротуарларда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіп туралы ескерту, жоба авторлары Сираж С.,Утельбай Д., жетекшісі Алибеков А.Б. (№8 ЖОББМ)
6. «E- coffee» кофеханасы, жоба авторлары Кушова К., Мазур А., жоба жетекшісі Тарасевич М. В. (№4 ЖОББМ)
7. «Green& Healthy Scool», қылқан жапырақты ағаштар тәлімбағы, жоба авторлары Жаксыбаева А., Даравских З., жетекшілері Шаяхметова Г.К., Галицкая Е.К. (№21 МЛ)
8. «Қағаз билеттер: цифрландыруға дейінгі Қазақстанның қалдықтары» - жоба авторы Смоляков Д., жетекшісі Есмагулова Р.А. (№2 МЛ)
9. «Пластикалық бөтелкелерден герметик жасау» -жоба авторы Курьято У., жетекшісі Савич Е.Н. (№13 МГ)
10. «Тұрмыстағы тағам қалдықтарынан мульча дайындап, тыңайтқыш ретінде пайдалану» - жоба авторы Ергалиева М., жетекшісі Зекерина Ш.С. (№12 ЖОББМ)
11. «Экоыдыс»-жоба авторы Аманкелді А., жетекшісі Омарова Ш. К. (ТЛ) Іс-шара соңында әр оқушыға сыйлық сертификаты табысталды.
Оқушылар мен педагогтерді өздерінің бизнес-идеяларын табысты презентациясымен құттықтаймыз!