"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті достар, қадірлі әріптестер!

03.07.2020

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Атаулы мереке - Отанын шексіз сүйетін және құрметтейтін, оны мақтаныш тұтатын әрбір қазақстандық үшін  жақсы өмірге ұмтылыстың алтын тұғыры.

Бүгінгі таңда елдің төрі - Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекені.

Қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық  өсіп-өркендеудің айқын дәлелі Бас қаламыз - тарихи өлшеммен өте қысқа мерзімде әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, маңызы зор келіссөздер жүргізетін,  халықаралық іргелі жиындардың алаңына айналды. Сәні мен салтанаты жарасқан, төрткүл ғаламға танылған айбыны мен абыройы асқақтаған мәртебесі  биік,   жасампаз,     ғажайып шаһар биігіне көтерілді.

Еліміздің барлық өңірлері бүкіл қазақстандықтардың бірлігінің символына айналған Нұр-Сұлтан қаласының құрылысына өз үлестерін  қосты. Біздің Отанымыздың жүрегі - Елордада мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін барлық тағдырлы шешімдер қабылданады.

            Баршаңызға шынайы көңілден  мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін!  Келешегі жарқын бас қаламыз өркендеп, гүлдене берсін!

 

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                              Д.У. Башарова

 

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст