"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні.

03.06.2024

  1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні.  Бұл көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар қоғамға әр баланы қорғауды, қамқорлықта болуын, барлық балалардың бақытты және дені сау болып өсуіне мүмкіндік беру қажеттілігі туралы еске салатын күн. Балалық шақта баланың өзіне тән мінез-құлқының, іс-әрекет, көзқарасынының негізі қаланады.

    Бұл күні қаланың орталық алаңында Көкшетау қаласының білім бөлімі «Балалары махаббатпен қорғайық» атты көпжанрлы, тамаша мәдени – ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарламаның белсенді қатысушылары үш мыңға жуық бала өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін байқап көруге, әртүрлі жарыстарда, іс-шараларда және ойындарда физикалық күштерін сынауға мүмкіндік алды. Жайлы, тыныш демалуды ұнататындар басқа ойын-сауықтарды таңдады. Балалар жазғы кинотеатр верандасына барып, таңғажайып тантамарескада суретке түсіп, балалық шақтың сиқырлы еліне саяхат жасады.

   Мереке қонақтарының назарына ұсынылған үлкен мерекелік концертте үздік балалар ұжымдары мен «Әншуақ» ән байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті, сонымен қатар республикалық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегер оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.

    Балалық шақ мерекесі ересектер мен балаларға көптеген жарқын әсерлер мен эмоциялар беріп, жазғы демалыстың бастауын берді.

Жазғы демалыстың бастауы балалық шақ мерекесі ересектер мен балаларға көптеген жарқын ұмытылмас әсерлер мен эмоциялар сыйлады.

/public/files/2024/6/3/030624_162521_whatsapp-video-2024-06-01-at-223735.mp4

Просмотров: 996


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст