Ағымдағы жылдың 28 мамырында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған денсаулықты сақтайтын заманауи ойын технологиялары» тақырыбында ортаңғы және ересек топ тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар-практикумы өтті.
Мақсаты: Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсарту үшін денсаулық сақтау технологияларын қолдану.
Педагогтер мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау технологияларының әртүрлі формалары мен түрлерін қолданды. Атап айтқанда: ырғақ, динамикалық үзілістер, ашық ойындар, релаксация, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, өз-өзіне массаж жасау, артикуляциялық гимнастика, ертегі терапиясы, әртүрлі музыкалық технологиялар және т.б.