"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы ата-аналарға арналған жадынама. Құрметті ата-аналар!

28.05.2024

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы ата-аналарға арналған жадынама

 Құрметті ата-аналар!

Жазда, демалыстың басталуымен біздің балалардың жолдарда, су айдындарында, орманда, ойын алаңдарында, бақшада, аулаларда болуларына байланысты өмірлеріне қауіптілік артады

Балалардың жақсы демалуы және дені сау болуы үшін бірқатар ережелер мен шарттарды есте сақтау қажет:

  • балалардың жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырыңыз;
  • балалардың өмірін сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіре отырып, балалармен жеке әңгімелер жүргізіңіз;
  • балалардың бос уақыты туралы мәселені шешіңіз;
  • есіңізде болсын! Кешке және түнде (жергілікті уақыт бойынша 22.00-ден 6.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге ересектердің еріп жүруінсіз көшеге шығуға заң жүзінде тыйым салынады;
  • балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз, балалардың болатын жерін бақылаңыз;
  • бейтаныс адамдармен сөйлесуге жол бермеңіз. Балаңызға «біреу» зиян келтіргісі келген жағдайда, кез-келген адамға әрдайым «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;
  • балаңызға қандай да жағдай болмасын, бейтаныс адамдармен бірге көлікке отыруға болмайтынын түсіндіріңіз;
  • балаңыздың қандай да бір жасаған қылығына қарамастан, сіз бұл оқиға туралы білуіңіз керек, ашуланбаңыз, әрқашан оның жағын ұстаңыз. Кейбір фактілерді құпия ұстауға уәде берсе де, оларды ешқашан құпия ұстауға болмайтынын түсіндіріңіз;
  • суда жүзу және суда ойнау, рахаттанумен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Балаңыз суда шомылғанда, одан көзіңізді алмаңыз, себебі кез келген бір минут уақытыңыз үлкен қайғы-қасіретке айналуы мүмкін;
  • балаларға жалғыз суға түсуге немесе бейтаныс жерде суға түсуге болмайтындығын міндетті түрде түсіндіріп беруді ұмытпаңыз;
  • шомылатын балаларды қарайтын ересек адам өзі жүзе білуі керек, алғашқы медициналық көмек көрсете алатындай болуы керек, жасанды тыныс алу және кеуде қуысына жанама  массаж жасайтын әдістерімен таныс болуы қажет;
  • жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе кінәлісі болмау үшін балаларға жол ережелерін үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көліктерде өте сақ болуға үйретіңіз;
  • балалармен ойын немесе спорт алаңында, серуенге шыққан кезде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтап, сақ болыңыз;
  • балаңызбен бірге велосипед,  скутер, мопед тебу, мотоциклмен жүру ережелерін оқып үйреніңіз;
  • Есіңізде болсын! 14 жасқа толмаған балаларға автомобиль жолдарында және оларға теңестірілген жолдарда велосипедпен жүруге тыйым салынады, ал ал 16 жасқа толмаған балаларға скутермен (мопедпен) жүруге тыйым салынады.
  • Отпен өте сақ болыңыз. Балалардың назарын отты абайсыз пайдалану салдарынан өрттің жиі кездесетін жағдайларына аударыңыз:
  • балалардың отпен ойнауы;
  • сөндірілмеген көмір, қож, күл, от;
  • сөндірілмей қалған шылым қалдықтары, сіріңке;
  • саяжай иелерінің қоқыстарды бақ аумағанда немесе ағаш бауырында жағуы;
  • шөпті күйдіру, қысқа тұйықталу, электр құрылғыларын, тұрмыстық техниканы, пештерді пайдалану.

Есіңізде болсын, балалар табиғатынан бейқам және сенгіш болады. Балалар алаңғасар болуы мүмкін. Сондықтан, сіз балаңызға қарапайым мінез-құлық ережелерін қаншалықты жиі еске салып отырсаңыз, соғұрлым ол оларды есте сақтайды және қолданады. Сіз оларды үнемі естеріне түсіріп отыруыңыз керек.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - үлкендердің басты міндеті.

Балаларыңыздың демалысы жақсы өтуі және олардың мерекесі көлеңкеде қалмауы үшін барлығын жасаңыз.

Балаларыңыздың демалыстағы қуанышты көңіл-күйі бұзылмай, аман-есен жақсы өтуі үшін бәрін жасаңыз.

Просмотров: 631


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст