Құрметті әріптестер, ата-аналар!
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер, оқушылар!
Баршаңызды осынау мерейлі мереке – оқу жылының аяқталуы және Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймын!
Соңғы қоңырау мерекесі – әр мектептің тарихына енетін аса қуанышты оқиға. Биылғы жылы осы айшықты күн алғаш рет «Білімім – Отаныма» тақырыбында жаңа бірыңғай форматта аталып өтуде.
Әр оқу жылы өзінің лайықты жетістіктерімен ерекшеленеді.
Қадірлі әріптестер!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, шыдамдылықтарыңыз бен адалдықтарыңыздың арқасында келешек ұрпақтың негізі қалыптасады.
Тұлға дамуының бастауында тұрған, бойындағы білімін балаларға беріп, оларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулып, маңызды да күрмеуі қиын жолдағы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін.
Қымбатты түлектер!
Бұл күн сіздер үшін үлкен өмір жолының бастауы. Ұстаздарыңыздың берген тәлім-тәрбиесін адами қасиеттерді асқақ тұту, лайықты білім алуға одан әрі талпыныс, таңдаған мамандығының мән-маңызын жете бағалау сияқты сан-салалы таңдау жасауда игіліктеріңізге жаратасыздар деп сенемін. «Заманына қарай ағымы» демекші, осы өзгермелі уақыт талабына сай салған іздеріңіз сәулелі, белестеріңіз биік, тағылымдарыңыз терең болсын!
Жас түлектердің үлкен өмір жолына бастар қадамдарына сәттілік, ақ жол тілеймін!
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
басшысы А.Б. Нугертаева