25 мамыр күні қаланың білім беру ұйымдарында 11-сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты іс-шаралары өтті.
Іс-шара мақсаты: түлектерді ұстаздарға құрмет көрсетуге, өз болашағына жауапкершілік танытып, алған білімдерін Отанының игілігіне пайдалануға тәрбиелеу.
Мереке барысында оқудағы, спорттағы үздік жетістіктерге жеткен, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан түлектерді марапаттау рәсімдері өткізілді.
Бұл күн ұстаздар үшін де тебіреніске толы болды, себебі олар сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырып, ұшырғалы отыр.
Балалар ұстаздарына деген ыстық ықыластарын білдіріп, өлең оқыды, ән шырқап, дәстүрге айналған мектеп вальсін орындады.
Жиын соңында түлектердің балалық шағымен, сүйікті мұғалімдерімен, мектебімен және сыныптастарымен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басуларының маңызды, тоғанысты сәті - Соңғы қоңырау соғылды.