"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24 мамыр күні сағат 09.00-де қаланың барлық жалпы орта білім беру мектептерінде 2023-2024 оқу жылын қорытындылауымен «Білімім-Отаныма!» атты жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтті.

24.05.2024

     24 мамыр күні сағат 09.00-де қаланың барлық жалпы орта білім беру мектептерінде 2023-2024 оқу жылын қорытындылауымен «Білімім-Отаныма!» атты жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтті.

    Сынып сағатының мақсаты-балалардың ұстаздық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру.

     Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды, одан кейін оқушылар ҚР Оқу-ағарту Министрінің құттықтау сөзін тыңдады. Іс-шара әр баланы оқудағы, спорттағы, қоғамдық жұмыстағы жетістіктері үшін марапаттаумен жалғасты. Балалар мектеп өміріндегі жарқын оқиғаларды еске түсіріп, жазғы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Бұл күні 9, 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында эссе жазып, балалық шақтан ересек өмірге өту, өз болашақтары туралы ойларымен бөлісіп,  алтын ұя мектептері мен ұстаздарға шынайы тілектерін білдірді.

 

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст