"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзіңізді және балаларыңызды жолда қалай қорғауға болады

24.05.2024

Жаз - әсіресе балалар үшін көңілді және алаңсыз, өзіндік ерекшеліктері бар мезгіл. Ата-аналар осы кезде аса мұқият болуы керек, өйткені балалар үйде де, көшеде де ұзақ уақыт бойы қараусыз болады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың міндеті.

                      Өзіңізді және балаларыңызды  жолда қалай қорғауға болады.

  1. Балалармен жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен  баланың қолынан ұстап, көліктің сіздерге жол беретініне көз жеткізіп барып өту керек.
  2. Жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерлерде жол екі жаққа да жақсы көрінетін жерден өту керек.
  3. Жаяу жүргіншілер жолы жоқ жолдың бойымен жүргенде көлік қозғалысына қарсы  жол жиегімен жүру қажет.
  4. Түнде жарықсыз жолдармен жүргенде, өзіңізді және балаңызды шағылыстыратын элементтермен айқын белгілеуіңіз немесе шағылыстыратын ендірмесі бар киім мен аяқ киімді пайдалануыңыз керек.
  5. Балаларды жолдың жиегінде қараусыз қалдырмау керек.
  6. Балалармен серуендеу кезінде олардың назарын бағдаршамдардың жұмысына аударыңыз, жол белгілерінің, таңбалардың мағынасын түсіндіріп, оларды  жолды қадағалап, қауіпті алдын ала білуге ​​үйрету керек.
  7. Автобус аялдамаға жақындаған кезде, оның қозғалысы толық тоқтағанға дейін оған жақындауға тыйым салынады.
  8. Қоғамдық көліктен шыққан кезде алдымен ересектерге шығып, балаларға түсуге немесе кішкентай балаларды қабылдауға көмектесу ұсынылады.
  9. Көшеден өтіп бара жатқанда баланы қолыңызда болса, абай болыңыз, ол сіздің көшені толық көруіңізге кедергі жасайды.

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст