24.05.2024
Оқу жылы аяқталып, көптен күткен жазғы демалыс басталады. Біз бәріміз жаз мезгіліне дайындаламыз, оны асыға күтеміз, өйткені осы кезеңде әрқайсымыз көптеген жаңа және қызықты нәрселерді күтеміз. Сондықтан демалыста ешқандай оқыс оқиғаларға ұшырамауы үшін, биылғы жылы танысқан ЖҚ ережелерін еске түсірейік.
- Көшеде тәртіпті және абай болыңдар!
- Жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған тротуармен тек оң жақта жүру керек екені естеріңде болсын.
- Көшеден өтпе белгілері бар жерлерден, ал жоқ жерде - жаяу жүргіншілер жолының бойындағы қиылыстардан өту керек.
- Жақын келе жатқан көліктің алдын кесіп өтпеңдер!
- Көшеден өткенде алдымен солға, ал ортасына жеткенде оңға қараңдар..
- Көшенің жүргін бөлігінде ойнамаңдар!
- Балаларға 14 жастан бастап көшелер мен жолдарда велосипедпен жүруге рұқсат етіледі.
- Қоғамдық көлікте өздеріңді әдепті ұстап, қоқыс тастамаңдар, қатты сөйлеме, өзіңе басқалардың назарын аудармаңдар.
- Бейтаныс адамдардың көлігіне отырмаңдар.
- Жол анық көрінуі үшін автобустан түскеннен кейін ғана жолды кесіп өтуге болады. Автобус пен троллейбусты артқы жағынан айналып өту, ал трамвайды алдыңғы жақтан айналып өту керек.
- Қызыл шам жанған кезде жолды кесіп өтпеу керек, тіпті жақын жерде қозғалыстағы көлік болмаса да, жасыл шам жанғанша күту қажет.
- Жарақаттанудан аулақ болуға тырысыңдар. Сыртқа шықпас бұрын киімді, аяқ киімді тексеріңдер, өйткені кейде нашар байланған аяқ киім жарақатқа әкелуі мүмкін.