"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ересектер! Балаларыңызға олардың серуендеуі, ойнауы кезінде, велосипед тепкенде көшедегі тәртіп және жол-қозғалысының қарапайым ережелерін қатаң сақтау туралы нұсқаулар беріңіздер.

23.05.2024

хэштег «Назар аударыңыздар –балалар»

 

 

Құрметті ересектер! Балаларыңызға олардың серуендеуі, ойнауы кезінде,  велосипед тепкенде көшедегі тәртіп және жол-қозғалысының қарапайым  ережелерін  қатаң сақтау туралы  нұсқаулар беріңіздер. Балаларға көшенің жүргін бөлігі мен жолға жақын жүрмеу керектігін үнемі айтып отырыңыздар. Балаңызға жақындап келе жатқан көліктің алдынан жүгіруге немесе велосипедпен шығу қауіпті екендігін,  жүргізуші бір мезетте көлігін тоқтата алмайтынын  түсіндіріңіз. Егер бала ескертулерді назарына ілмеуінің салдарын түсінбесе, оны қараусыз көшеге шығаруға болмайды.

 

Әрбір велосипедші жол Ережелерін білуі керек!

  • Велосипедпен жүру велосипед жолымен, ал ол болмаған кезде жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүруіне кедергі жасамай, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүзеге асырылуы тиіс. Жолдың көрсетілген элементтері болмаған немесе сол бойынша жүру мүмкін болмаған кезде велосипедшілердің жолдың жүріс бөлігі бойынша оның оң жақ шетінен 1 метрден аспайтын бір қатарда жүруіне жол беріледі, бұл ретте ересек адамның ертіп жүруінсіз балаларға тек 14 жастан бастап қана көшелер мен жолдарда велосипедпен жүруге рұқсат етілген.
  • Тәуліктің қараңғы уақытында және немесе велосипедте көріну жеткіліксіз жағдайында жолда жүргенде: алдыңғы жағында ақ жарық шығаратын фара (фонарь), артқы жағында қызыл жарық шығаратын фонарь болуы керек.
  • Жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде велосипедші велосипедтен түсіп,  қасында алып жүруі және жаяу жүргіншілер үшін Жол қозғалысы ережелерінде көзделген талаптарды орындауы керек.

Велосипедшіге тыйым салынады:

  • Техникалық ақауы бар велосипедтерді пайдалануға.
  •  Рульді ұстамай және немесе аяғын педальда ұстамай қозғалуға.
  • Трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына;
  • Қар жауу немесе көктайғақ жағдайында жолда жүруге.
  • Жеті жасқа дейінгі балаларды велосипедпен қосымша арнайы жабдықталған орындықта тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жолаушыларды тасымалдауға.
  • Көлік құралының габаритінен ұзындығы немесе ені 0,5 м артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;
  • Велосипедті қандай да бір көлікпен сүйреуге.
  • Велосипедпен басқа көлікті сүйреуге.

 

Жас велосипедшілерге қиындықтан қалай құтылуға болатыны туралы кеңестер:

  • велосипедпен жүрудің негізгі дағдысы-тепе-теңдікті сақтауды үйрену;
  • велосипедтің рульіне отырғанда жүргізуші болып саналасыз және барлық Жол қозғалысы ережелерін сақтау керек;
  • велосипедпен жүргенде, құлаған жағдайда басыңызды қорғайтын шлем кию, тізе және шынтақ жастықшасын қолдану қажет;
  • үйден шықпас бұрын велосипедші міндетті:
  • велосипедтің техникалық күйін тексеруге;
  • рульдің жеңіл айналатынын тексеруге;
  • шиналардың жақсы үрленгенін тексеруге;
  • қол және аяқ тежегіштерінің велосипедті күтпеген кедергіде тоқтатуын реттеуге;
  • адамдарға жақындап келе жатқаныңызды және оларды соқпауыңыз үшін уақытында ескертетіндей етіп велосипед сигналының жұмыс істеуін тексеру
Просмотров: 335


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст