1 маусым — сіздер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңіздің еншілеріңізге тиген төл мейрамдарыңыз болып есептеледі. Ендеше жадыраған жаздың алғашқы күнімен келетін тамаша мереке — Халықаралық балаларды қорғау күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Денсаулығы мықты, білімді, жан-жақты дамыған, шығармашыл, еліміздің тұғырын биік ұстайтын, болашағынан үлкен үміт күттірер азаматтар болып өсіңіздер.
Ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ және жазғы демалыстарыңызда жаңа күш-қуат жинап, есте қаларлықтай қызықты да көңілді өткізулеріңізге тілектеспін.
Сүйікті Отанымыздың мақтанышы болып, жолдарың ашық, келешектерің жарқын болсын!
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысының м.а. Д.У. Башарова