Соңғы қоңырау мерекесі – әр мектептің тарихына енетін мерейлі, табысты, қуанышты оқиға. Бұл күн – 11 сынып оқушылары үшін үлкен өмір жолының бастауы. Ұстаздарыңыздың берген тәлім-тәрбиесін адами қасиеттерді асқақ тұту, лайықты білім алуға одан әрі талпыныс, өзге адамдармен жарқын қарым-қатынас орната білу, таңдаған мамандығының мән-маңызын жете бағалау сияқты сан-салалы таңдау жасауда игіліктеріңізге жаратасыздар деп сенемін.
Салған іздеріңіз сәулелі, белестеріңіз биік, тағылымдарыңыз терең болсын!
Мектеп оқушыларын, барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отыра, жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл-күйде оралып, жаңа оқу жылында мол жетістіктер мен шығармашылық табыстарға жетулеріңізге тілектеспін.
Жас түлектердің үлкен өмір жолына бастар қадамдарына сәттілік, ақ жол тілеймін!
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысының м.а. Д.У. Башарова