30.04.2024
Ағымдағы жылғы 25 сәуірде ведомствоаралық өзара іс – қимыл шеңберінде жазғы демалыс кезеңіне балалар сауықтыру мекемелерін дайындау бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар мақсаты: балалардың жазғы демалысын, жұмыспен қамтылуын және сауықтырылуын ұйымдастырудың қауіпсіздігі мен сапалы жағдайларын қамтамасыз ету.
Кеңеске Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы А. Ж. Балтабаева, азаматтық қорғаныс лейтенанты, Көкшетау қаласы ТЖБ аға инженері Р. Б. Молдагулов, Көкшетау қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс капитаны А. Т. Жұмабаев, Көкшетау қ. УП ювеналды полициясының аға учаскелік инспекторы С. С. Сарбасова қала мектептері директорларының орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер қатысты. Семинарға қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың жазғы мектеп жанындағы алаңдарда, балалардың күндізгі болу лагерлерінде, шатырлы лагерьлерде тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы мәселелерді талқылады. Ұлттық басымдықтарға сәйкес жазғы сауықтыру бағдарламаларының мазмұнына тоқталып, балалардың демалысын ұйымдастыру мен сауықтыру сапасын бағалауды құру жүйесі қарастырылды.
Кеңес соңында «Әулет» МТЖО директоры М. М. Альжапарова, «Сұңқар» СК директоры С. Б. Кабданова, «Чайка» балалар сауықтыру орталығының «Думан» педагогикалық жасағының үйлестірушісі Р. И. Загайдулин қатысушылардың назарына балалар лагерлері қызметінің презентациясын ұсынды.