"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті мектеп түлектері және олардың ата-аналары!

22.04.2024

Құрметті мектеп түлектері және олардың ата-аналары!

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2023 жылғы 4 қазандағы        № 304 бұйрығына сәйкес 9 (10)-11(12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдері айқындалды деп хабарлайды:

9 (10) сынып оқушылары үшін:

1) гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушыларына арналған эссе түріндегі қазақ тілі/орыс тілі бойынша жазбаша емтихан – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) - 2024 жылғы 29 мамыр;

2) 2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) - 3 маусым 2024 жыл;

3) орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) –         6 маусым 2024 жыл;

4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын / француз / неміс), информатика) -                     10 маусым 2024 жыл;

11 (12) сынып білім алушылары үшін:

1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша жазбаша емтихан – 28 мамыр 2024 жыл;

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан-          31 мамыр 2024 жыл;

3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан - 4 маусым 2024 жыл;

4) орыс тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және орыс тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда жазбаша емтихан – 7 маусым 2024 жыл;

5) таңдау пәндері бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 11 маусым 2024 жыл.

Сондай-ақ, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 50-тармағына сәйкес 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мынадай жағдайларда білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен қорытынды аттестаттаудан босатылады:

      1) денсаулық жағдайы бойынша;

      2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

     3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға)қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына кандидаттар болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы.

Просмотров: 1306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст