Ағымдағы жылғы 8 сәуір – 13 мамыр аралығында мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылатын «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізілуде.
«Таза өлке» атауымен экологиялық акцияның бірінші аптасында қаланың білім беру ұйымдарының оқушылары мектеп аулаларын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
«Киелі мекен» апталығы аясында 18 сәуір күні мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары Даңқ аллеясының аумағында сенбілік ұйымдастырды.
Мектеп көшбасшыларының бастамасын қала әкімі Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса қолдады. Әкім балаларға белсенділігі үшін, Ұлы Отан соғысының батырларына деген құрметі үшін алғысын білдірді. Қаламызды таза ұстау өзіміздің әрқайсымыздан басталатынын атап өтті.
Сенбіліктен кейін жастар динамикалық және музыкалық тимбилдинг өткізді- өз ойларын ортаға салып, жоспарлар белгілеп, гитарамен ән шырқады.