Текст
2024 жылғы 04 сәуірде директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Оқу ағарту министрлігінің 28.12.2023 ж. №398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы; кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу; мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту, «9 айға-9 іс-шара», «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» тұжырымдамасы бойынша іс-шараларды дайындау және өткізу, қала мектептерінде «COOKING CLUB» жобасын іске асыру туралы мәселелер қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша тәрбие жұмысына қатысты шешімдер шығарылды және ұсынымдар берілді.