"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті әріптестер, ата-аналар! Қымбатты оқушылар!

06.05.2020

Сіздерді  7 мамыр - жігерлі адамдар және ерік күші иелері күні - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, қаһармандық пен елдіктің отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді.

Ұлттық мүдделерді сенімді қорғау және қорғаныс әлеуетін нығайту - Қазақстанның тұрақты дамуы  мен халқының игілікті өмір сүруінің  негізі болып табылады. Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан сарбаздарымызға алғысымызды білдіреміз.

Шын жүректен  зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт, қызметте табыс тілеймін!

 Елімізде бейбітшілік пен жарқын болашаққа деген сенімділік болсын!  Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын! 

 

Құрметпен «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ

басшысының м.а.                                                                                         Д.Башарова

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст