Құрметті әріптестер, ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – бейбітшілік, ынтымақ күні, Қазақстан халықтарының бір-біріне деген құрмет пен ризашылық танытатын, жалпыхалықтық мейрамы.
Өткен тарихымыз бен адамгершілік, қайырымдылық, жақсылық жасау сияқты, ата-бабамыздан мирас болған дәстүрлеріміз, алғыс білдіру мәдениеті жаңа сипатта, жаңғырған түрде жалғасып келеді.
«Бірлік түбі – береке», – дегендей, біртұтас ел болуды мұра еткен бабаларымыздың отаншылдық пен әділеттілік, еңбекқорлық пен ауызбіршілік қағидаты жаңа Қазақстанның басты ұстанымдары болып табылады.
1 наурыз Алғыс айту күні отаншылдық мұрат пен ортақ мақсаттар жолындағы әріптестік, ұжымдық жылы қарым-қатынастарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын!
Ұлттық құндылықтар мен ізгілікті шәкірттердің бойына сіңіріп, білімге деген құштарлығын шыңдап, мейірбандық пен қайырымды насихаттап, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріңіз үшін бәріңізге шын ниетіммен ризашылық білдіремін!
Баршаңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілеймін.