2023-2024 оқу жылындағы Көкшетау қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің математика пәнінің мұғалімдері арасында «Математикалық регата» республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024 жылғы 21 ақпан күні М.Ғабдуллин ат. №3 КГ базасында математика пәні мұғалімдері арасында «Математикалық регата» республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадалардың математикалық және логикалық есептерді шешуде кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту.
Олимпиадаға қала мектептерінің 25 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Қазылар алқасы олимпиада қорытындысын саралай келе, жеңімпаздарды анықтады.
1 орын
ТЛ математика пәнінің мұғалімі Аяганов Жанибек Кенжебекулы
2 орын
№2 МЛ математика пәнінің мұғалімі Айтжанов Мурат Мейрамбекович;
№ 3 ККМГ математика пәнінің мұғалімі Кушекова Жулдуз Сериковна
3 орын
№5 «Таңдау» МГ математика пәнінің мұғалімі Дюсембина Нургуль Зейнулаевна;
№11 МГ математика пәнінің мұғалімі Кабиев Анвар Рызабекович;
№12 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Оспанова Рахилаш Оразалиновна;
№14 ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Мажитов Ермек Серкебаевич;
С. Жүнісов ат. №18 МЛ математика пәнінің мұғалімі Абилова Бекзат Тургынбаевна
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!