2024 жылғы 12 қаңтар күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 МЛ базасында "Білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби дағдыларының төмендеуінің алдын-алу шаралары» оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Жұмыс барысында «Ұжымның кәсіби іс-әрекетінің тиімділігін арттыруда басшының құралы ретінде мұғалімдердің эмоционалды күйзелістің алдын алу», «Педагогтердің кәсіби дағдыларының төмендеуінің негізгі физиологиялық және психологиялық аспектілері», "Педагогтың психологиялық денсаулығы оқушылардың психологиялық қауіпсіздігінің негізі" ,"Білім беру ұйымындағы педагогтің психологиялық салауаттылығын сақтауға бағытталған экспресс-әдістер" сұрақтары қарастырылды.
Практикалық бөлімде педагогтерге "Арт -терапия әдістері арқылы ішкі үйлесімділікті қалпына келтіру", "Динамикалық жаттығулар арқылы педагогтердің психологиялық денсаулығын жақсарту", "Музыка терапиясы арқылы педагогтердің психологиялық денсаулығын қалпына келтіру әдістері" тақырыбында тренингтер өткізілді.
Семинар қорытындысында кері байланыс өткізіліп, қатысушыларға Ақмола облысының әдістемелік кабинетінің сертификаттары табысталды.