Құрметті әріптестер, қадірлі педагогикалық еңбек ардагерлері!
Ел ертеңі болып табылатын Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.
Әр оқушының жан дүниесін түсініп, жүрегіне шапағат нұрын төгіп, бойына білім мен өнерді, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда еңбектеріңіз өлшеусіз.
Ақпараттандыру, жаһандану және интеграция дәуірінде тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - адам капиталы болса, білімі терең, ойы озық, «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақты тәрбиелеу-бүгінгі күннің негізгі міндеті.
Сіздерден өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған шəкірттеріңіздің жарқын жүздері - еңбектеріңіздің жемісі.
Мерейлі мереке күні білім саласының дамуына, жас жеткіншектерді тәрбиелеу мен оқыту ісіне елеулі үлес қосып, адамгершілікті ту еткен, білім саласының шеберлері, педагогикалық еңбек ардагерлеріне алғысымыз шексіз.
Құрметті ұстаздар, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек шығармашылық өрлеу мен өсуге бастасын.
Зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін.
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысы А.Б. Нугертаева