Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер!
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерінің жаңа құрамы құрылатыны туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлер а.ж. 9 қыркүйек пен 28 қыркүйек аралығында тиісті орта, білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдарына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Орта білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам кіреді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам кіреді.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер тиісті орта, мектептен тыс немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымына өткізіледі.
Ережесі- /public/files/2023/9/9/090923_003725_pravila-kaz.docx
Білім беру ұйымдарының тізімі - /public/files/2023/9/9/090923_003952_spisok-organizacii-obrazovaniya-g-kokushetau.docx