Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Сіздерді 1 маусым — Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Осынау тамаша мерекені жаздың алғашқы күнінде, мектеп демалыстары басталып, балалардың жарқыраған жүздері, көңілді күлкі естілетін күні атап өтуіміздің символдық мәні де ерекше.
Балалар - Отанның болашағы, елдің ертеңі, ұлттың жалғасы. Елімізде балалар инфрақұрылымын дамыту, білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балалардың құқықтарын қорғау бойынша бастамалар іске асырылуда.
Балалардың дені сау және бақытты болып өсуі, сапалы білім алуы , зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуы жолында ерен еңбектеніп отырған ата-аналарға, мұғалімдерге, тәлімгерлерге алғысымды білдіремін.
Қымбатты жас достар! Денсаулығы мықты, білімді, жан-жақты дамыған, шығармашыл, еліміздің тұғырын биік ұстайтын, болашағынан үлкен үміт күттірер азаматтар болып өсіңіздер.
Ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ және жазғы демалыстарыңызда жаңа күш-қуат жинап, есте қаларлықтай қызықты да көңілді өткізулеріңізге тілектеспін.
«Ақмола облысы
білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша
білім бөлімі» ММ
басшысы А.Б. Нугертаева