"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қымбатты әріптестер! Нұрымен әлемге шуағын шашып, ару көктемнің алғашқы жыршысы болып келетін 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Сіздердің өмірлік пайымдарыңыз, еңбексүйгіштіктеріңіз, шыдамдылықтарыңыз, сұлулықтарыңыз, мейірімдеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін бас иеміз. Қарқынды дамыған заман талабына сай қаламыздың білім беру жүйесін дамытуда, білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеуде сүбелі үлес қосып келесіздер. Мәртебелі де ұлағатты педагогикалық кәсіптеріңізде шығармашылық жетістіктер, білім мен ғылымды игерудегі ізденістеріңізге сәттілік тілеймін. Әр отбасында саламатты денсаулық, келісім мен береке, сүйіспеншілік, қуаныш пен бақыт үстемдік құрсын! Қуанышы мен қызығын ала келетін мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын! «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы А.Б. Нугертаева

07.03.2023

Просмотров: 199


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст