Жаңа жыл - өзімен бірге қашанда сән-салтанат пен шаттық, келешекке деген сенім мен үміт әкелетін ғажайып мереке, өткенімізді саралап, келешекті бағамдайтын маңызды сәт.
Сіздерді таза көңіл, ыстық ықыласпен келе жатқан 2020 жылмен құттықтаймын. Жаңа жыл босағаларыңыздан ырыс пен берекенің бастауы, жақсылық пен қуаныштың жаршысы болып аттасын.
Халқымызда «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Ендеше, келер жылда ұшқыр арман-мақсаттарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын.
Жаңа жыл еліміздің білім саласын әлемдік деңгейге жеткізу жолында еңбектеніп жүрген баршаңызға тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар жылы болсын.
Мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, тамаша көңіл-күй тілеймін. Еліміз аман, іргеміз бүтін, жеріміз тыныш болып, қасиетті Отанымыз өркендей берсін!
Көкшетау қаласы
білім бөлімі басшысының м.а. Р.Шаймерденова