"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі

11.12.2019

      2019 жылғы 5-6 желтоқсан күндері қала мектептерінің 1046 оқушысы қатысқан Республикалық  пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.  Олимпиада екі турдан тұрды, онда балалар № 13 ЭШГ базасында жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша және № 18 ОМЛ базасында  гуманитарлық пәндер бойынша білімдерін сынады.

         5 желтоқсанда өткен бірінші турдың нәтижесі бойынша ең көп балл жинаған 585 оқушы екінші турға қатысуға жолдама алды.

6 желтоқсан күні олимпиаданың екінші туры өтті. Екі айналымның қорытындысы бойынша 332 оқушы жүлделі орындарға ие болды: оның 68-і бірінші орынды иеленсе, 111 оқушы -2 орынға тұрақтап, 153 оқушы 3 орынға табан тіреді.

         Пәндік олимпиаданың қалалық турының барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын  жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер деп тілейміз! Пән олимпиадасының облыстық турында қала мен мектептің намысын қорғайтын балаларға сәттілік және жоғары нәтижелер тілейміз!

Просмотров: 884


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст