«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 27.08.2022 жылғы №381 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі ММ» мектепке дейінгі балалар ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың Тізбесіне енгізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы; 3)Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы 3 топқа дейін) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт; 4) Педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің штат кестесінің және белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмесі. Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды, құжаттарды қабылдау 08.12.2022 жылдан 30.12.2022 жылға дейін жүзеге асырылады.