"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақ тіліне бойлау» семинар - мониторинг

28.11.2019

2019 жылғы 25-26 қараша күндері  Көкшетау қаласындағы №1 «Арман», № 5 «Қуаныш», №7 «Айша» пилоттық балабақшаларында "Қазақ тіліне бойлау» семинар - мониторинг өтуде.

Аталмыш іс-шараның мақсаты тәжірибе алмасу, балабақшалардың педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.  Семинарға Эстониядан келген Халықаралық Тренерлер Ирена Каосаар мен Светлана Белова, НЗМ АҚ білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Жанат Башариновна Қажығалиева қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.  

 Семинар аясында пилоттық бақшалардың  тәжірибелік топтарында «Ертегілер әлеміне саяхат», «Білемін, танимын, сөйлеймін», «Жас экологтар», «Менің Қазақстаным», «Ұлттық ойындар» сабақтары өткізілді. Педагогтармен жеке әңгімелесу, кері байланыс, супервизия өткізілді. Халықаралық тренер-кеңесшілер «Балабақшаны дамыту бағдарламасындағы жəне басқа да құжаттардағы көп тілді білім беру (тілге бойлау)», «Тілдік дамуды қолдау бағытындағы білім берудің даму  ортасы»,  «Оқытудағы кіріктірілген тəсілдеме. Бірлесе жұмыс істеу», «Сабақты алға қойған  тілдік мақсаттарға сəйкес жоспарлау ( тəжірибе, эксперимент)» Бағалау. Рефлексия» тақырыптары тренингтер өткізді. Семинар барысында қаланың пилоттық балабақшаларының педагогтарына одан әрі жұмыс жасау бойынша ұсынымтар берілді. Семинарға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, аталған тақырыптың өзектілігін, сондай-ақ семинардың тиімді және жемісті жұмысын атап өтті.

 

 

Просмотров: 759


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст