28.10.2022
2022 жылғы 20 қыркүйек-5 қазан аралығында республикалық «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға білім беру ұйымдарынан 29 педагог қатысты.
Қалалық комиссияның шешімі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 5 қатысушы облыстық кезеңге жолдама алды:
Берестова Ирина Сергеевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі,
Грищенко Дина Викторовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясы» КММ неміс тілі пәнінің мұғалімі,
Юрко Елена Андреевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Мамрина Жанар Ильяшевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А. Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК музыкалық жетекшісі.
Развенкова Ирина Александровна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының техникалық шығармашылық орталығы» МКҚК қосымша білім беру педагогы.
Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік және жеңіс тілейміз!