26.10.2022
Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагогтері арасында математика, физика және информатика мұғалімдерінің Х шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты физика-математикалық білім беру сапасын арттыру және талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау болды.
Тапсырмаларды бағалау критерийлері мұғалімдерден тапсырмаларды шешу қабілетін ғана емес, сонымен қатар шешімде стандартты емес тәсілді қолдануды, дәлелдеме келтіруді және дәйектей білуді де талап етті.
Физика пәнінен облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Техникалық лицейдің физика пәнінің мұғалімі Алексей Владимирович Филиппов І орын иегері атанды.
Информатика пәні бойынша І орынға әл-Фараби ат. ІТ лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Мұрат Жандос Әскерұлы ие болды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз, байқаудың республикалық кезеңінде табыс тілейміз.