"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қадірлі әріптестер, ата-аналар, қымбатты оқушылар!

26.10.2022

 

 

Сіздерді мемлекетіміздің мерейлі мерекесі –  Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.  

Республика күні 2009 жылға дейін ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде аталып келді. Бұл қастерлі күн  бүгінде  еліміздің басты мерекелерінің қатарына қосылып, ұлттық мереке мәртебесі берілді.

Мерекелік күнтізбеде Республика күнін жаңғырту - бұл жаңа Қазақстанның ұрпағы өзінің бастауы мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халықтың ерік-жігерін құрметтеудің символы.

Еліміздің ертеңі, жарқын болашағы- елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей зерделеп, қастерлей білетін жас ұрпақты   тәрбиелеудегі қажырлы еңбектеріңіз толағай табыстар мен кәсіби жетістіктер әкелсін.

 Шын жүректен сіздерге мықты денсаулық, бақыт, молшылық, бейбітшілік, заман талабына сай білім мен тәрбие ісін жаңа сипатта дамытуда, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне бағытталған  барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.    

Еліміз аман, аспанымыз ашық, келешегіміз кемел  болсын!

           

 

«Ақмола облысы білім басқармасының

 Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                                  А.Нугертаева

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст