"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті әріптестер, қадірлі педагогикалық еңбек ардагерлері!

30.09.2022

 Сіздерді төл мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Ақпараттандыру, жаһандану және  интеграция  дәуірінде   тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - адам капиталы болса, білімі терең, ойы озық, «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақты тәрбиелеу-бүгінгі күннің негізгі міндеті.    

Көкшетау қаласының  білім беру саласын дамытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздар қауымына  шынайы алғысымды білдіргім келеді. Әр оқушының жан дүниесін түсініп, жүрегіне шапағат нұрын  төге, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, заманауи интеллектуалды азамат етіп қалыптастыруда еңбектеріңіз өлшеусіз.

Сіздерден өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған шəкірттеріңіздің  жарқын жүздері, әртүрлі деңгейдегі жеңістері – адал, тынымсыз қызметтеріңіздің жемісі.

Мемлекетiмiздiң алтын қоры, патриоттылықтың, өз ісіндегі, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi -педагогикалық еңбек ардагерлеріне шын пейілмен  алғысымыз шексіз.

Құрметті ұстаздар, ел болашағы - жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңызда  шығармашылық шарықтау, жаңа жобалар көп болсын.

Зор денсаулық, мол бақыт,  отбасыларыңыздың амандығын тілеймін.

 

 

«Ақмола облысы білім басқармасының

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                           А.Б. Нугертаева

 

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст