"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдардың ересек және мектепалды даярлық топ педагогтеріне арналған «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында семинар-практикум

14.09.2022
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 14 қыркүйек күні «Ю.А. Гагарин» атындағы балабақшада мектепке дейінгі ұйымдардың ересек және мектепалды даярлық топ педагогтеріне арналған «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті. Әдіскер Орумбаева Ж.Т. Жаңа стандарт бөлімінде қатысушылар назарына  "Коммуникативтік дағдыларды дамыту"  презентациясын ұсынды. Ересек  топ педагогтері Е.И.Евсеева , Н.Е.Акишева, К.Е.Савина «Күз сыйы» атты интеграцияланған  іс-әрекетін көрсетті. Музыкалық жетекші Ж. И. Мамрина инновациялық технологияларды қолдана отырып, балалардың шеберлігін көрсете білді. Тәрбиешілер Н.А.Погребицкая, Н.Ю.Муканжанова «Әдеби калейдоскоп» атты түрлі ертегілердің кейіпкерлерімен театрландырылған қойылым көрсетті. Педагогтер Т.А. Кладченко және А. А. Шаймерденова семинар қатысушыларымен «Жаңа идеялар жинағы» атты мастер-класс өткізді. 
 Ұсынымдар:
- мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған педагогикалық әдістер мен технологияларды назарға алу және практикада қолдану;
- педагогикалық процестің барлық қатысушыларын белсенді тарта отырып, ұйымдастырылған іс-әрекетте, режимдік сәттерде алған білімдерін бекіту.
Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст