2019 жылғы 30 қазанда Көкшетау қаласының №33 «Ю.Гагарин» балабақшасының негізінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлері арасында «Жас маман және тәлімгер - 2019» қалалық байқауы өтті.
Байқауға 46 қызметкер қатысты.
«Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» турында №15 «Асель» балабақшасы (тәлімгер Тулегенова Бахыт Казахстановна), «Айналайын» балабақшасы (тәлімгер Кукенова Миниса Нурахметовна) қызықты идеяларын алға тартты.
Эссе байқауында №9 «Қарлығаш» балабақшасы (тәлімгер Касымова Айжан Айыповна), №20 «Zerek» балабақшасы (тәлімгер Кибатова Бейнегуль Женисовна) топ жарып үздік шықты.
Байқауда «Ең үздік жас маман» иегерлері атанған «Мансұр» жекеменшік балабақшасы Көпешова Ботагоз Есентаевна, №37 «Өркен» балабақшасы Жумкенова Ханша Ержановна, №5 «Қуаныш» балабақшасы Каирбаева Гулим Маралбековна.
Қазылар алқасы қатысушы командалардың өнерін бағалай келе, жеңімпаздарды анықтады:
І дәрежелі дипломмен №11 «Арай» балабақшасының педагогтары Базарбаева Алия Тлеулесовна мен Усенова Қымбат Саматовна марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен №14 «Достық» балабақшасының педагогтары Егорова Вера Леонидовна мен Ишалеева Дарья Сергеевна марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен №6 «Нұрай» балабақшасының педагогтары Габбасова Сая Кенжиновна мен Бекетова Айдана Бекетқызы марапатталды.