Ел ертеңі болып табылатын Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздар, төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Әр оқушының жан дүниесін түсініп, жас өрендердің бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелейтін мәртебелі тұлға ұстаз екені сөзсіз.
Қаламыздың білім беру саласының қызметкерлері балаларға деген махаббат, кәсібилік, жоғары біліктілік, парасаттылығымен өз кәсібіне шынайы берілген ұстаздар. Қазақстандық педагогиканың дәстүрлерін және инновациялық әзірлемелерді шебер ұштастыра отырып, біздің педагогтар сапалы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Оған дәлел – тек облыстық қана емес, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі зияткерлік сайыстарда оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеңістері мен табыстары.
Мерейлі мереке күні білім саласының дамуына, ұландарды тәрбиелеу мен оқыту ісіне елеулі үлес қосқан, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған білім саласының майталмандары, педагогикалық еңбек ардагерлеріне алғысымыз шексіз. Құрметті ұстаздар, парасат пен пайым, қабілет пен қарымдарыңыздың арқасында биік шыңдардан көрініңіздер, еңбектеріңіз жана берсін! Зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін.
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысы Б.А. Жусупов