Соңғы қоңырау мерекесі – әр мектептің тарихына енетін мерейлі, табысты, қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырады. Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарының, ата-аналарының үмітін ақтап, алдағы қорытынды аттестаттау, Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтеді деп сенемін. Салған іздеріңіз сәулелі, белестеріңіз биік, тағылымдарыңыз терең болсын!
Мектеп оқушыларын, барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күйде оралып, жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстарға жетулеріңізге тілектеспін.
Жас түлектердің үлкен өмір жолына бастар қадамдарына сәттілік, ақ жол тілеймін!
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ
басшысы Б.А. Жусупов