Текст
19 сәуір күні № 38 «Сәуле» бөбекжай - бақшасында кіші және орта топ тәрбиешілеріне арналған « Мектепке дейінгі балалардың тілдерін дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Педагогикалық тәжірибе алмасу және балалардың тілін дамыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін, шеберлігін арттыру үшін ақпараттық кеңістік құру.
Семинар бүлдіршіндердің музыкалық сәлемдемесімен ашылды. Семинар қатысушылары бірінші кіші топ «Ою өрнек сәніміз», «Төрт түлік мал», «Мектепке дейінгі мекемеде мнемотехника технологиясын қолдану»тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Семинар қатысушыларымен психологиялық тренинг өткізілді.