2019 жылғы 12 сәуірде №1 ОМГ базасында Көкшетау қаласының білім бөлімі жалпы білім беретін мектептер және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, диретордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, қала сыртындағы БСО басшыларымен, ішкі істер басқармасы, қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерімен семинар-кеңес өткізді.
Кеңес барысында жазғы демалысқа дайындық және балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
Білім беру ұйымдарының басшылары мектеп жанындағы лагерьде санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар қала сыртындағы БСО жазғы демалысты ұйымдастыру және спорттық бұқаралық іс-шараларды туристік-өлкетану жорықтарын өткізу бойынша жоспарланып отырған іс-шаралар туралы ақпараттармен таныстырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша білім бөлімі 2019 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.