2019 жылғы 10-11 сәуір аралығында Көкшетау қаласының білім бөлімі жалпы білім беретін мектептердің 5-7 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық –гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша «Білім турнирін» өткізді.
«Білім турнирінің» басты мақсаты дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету және жаратылыстану – математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру болып табылады.
Қалалық «Білім турниріне» Көкшетау қаласының 25 жалпы білім беретін мектептерінен 579 оқушы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 28 оқушы бірінші орынды иеленсе, 46 оқушы екінші орынға тұрақтап, 82 оқушы үшінші орынға табан тіреді.
ГТЛ, №17 ОМГ, ІТ мектеп-лицейі үздіктер қатарынан көрініп,
№2 ОМЛ, №6 ОМЛ, №21 ОМЛ, №13 ЭМГ, М.Ғабдуллин ат. №3 МГ жақсы деген нәтижеге қол жеткізді.
Білім турнирінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс тілейміз!!!