2019 жылғы 15 – 20 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық іскерлікті тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім мәртебесін арттыру болып табылады.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 20 команда қатысып, бақтарын сынады.
Көкшетау қаласының намысын It мектеп-лицейі, №1 орта мектеп-гимназиясы, №6 орта мектеп-лицейі, №18 орта мектеп-лицейі, №13 «ЭКОС» ЭМГ, №2 КОМ 8 оқушысынан тұратын команда қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша It мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ермек Рашитов 3 жүлделі орынды иеленді.
Пәндер бойынша ерекше жетістікке жеткен қатысушылар грамоталармен марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Барлық жүлдегер- оқушыларды құттықтаймыз!