"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қымбатты оқушылар! Құрметті әріптестер, ата-аналар!

20.03.2019

Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 «Білімге жүгінгеннің жүгі жеңіл, дәстүрге жүгінгеннің тұзы жеңіл» деген нақыл сөз тегін айтылмаса керек. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мереке.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурызбен жасампаздықтың жарқын жолымен жүріп келе жатқан еліміздің өркениеті мен қуаты арта берсін.  

Жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне жүрек жылуын аямай жұмсап отырған Сіздерге ойға алған мақсаттарыңыз алдағы уақытта  орындалып, тың бастамаларыңызға сәттілік пен жетістіктер тілеймін.

Наурыз әр отбасында келісім мен сыйластықтың, құрмет пен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын!  Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                             Б.Жусупов

Просмотров: 430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст